Қазақстанда пневмония өршіп тұр: Министрлік омикрон штаммының белең алып тұрғанын айтты
Елімізде өкпесі қабынған науқастардың саны айтарлықтай өскен. Денсаулық сақтау министрлігі бұл жағдайдың омикрон штаммының басқа нұсқаларының таралуымен байланысы бар-жоғын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ©AFP/Cris Bouroncle
“Жыл басынан бері алғашқы алты айда Қазақстанда пневмониямен 49 704 жағдай тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 19,2 пайызға көп. 2023 жылы өкпесі қабынған науқастардың саны 123 910 жетті. Оның ішінде 40 144 жағдай алғашқы алты айда тіркелді”, – деп мәлімдеді министрлік.
Ведомство пневмонияның өршуіне әлемде белең алып тұрған омикрон JN.1 штаммының әсері барын айтты.
“Қазақстандағы генетикалық зерттеулердің соңғы мәліметтеріне сенсек, JN.1.13 - 61%; JN.1.18 - 22% және JN.1 - 8,7%. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, JN.1 штаммы адам денсаулығына аса қауіпті емес. және басқа айналымдағы нұсқаларға қарағанда қауіпті емес. Штаммның жұқпалылығының айтарлықтай жоғары болғанына қарамастан науқас қатты ауырсынуды сезбейді”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін коронавирустың "Эрис" атты жаңа штаммы Қазақстанға келгені туралы жазған едік.