Қазақстанда пәтер бағасы төмендеуде
Қазақстанда батыс аймақты санамағанда, барлық жерде жылжымайтын мүлік бағасы төмендейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламалар мен тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы аударымдарын пайдалану үйдің бағасының өсуіне әкелген еді. Алайда осыдан кейін пәтер арзандайды.
Сарапшылардың пікірінше, жыл басынан бері сатып алу-сату мәмілелері 25%-ға қысқарды, ал сұраныстың төмендеуі тұрғын үй құнын төмендеуіне алып келеді.
“Нарықты жайына қалдыру керек. Қолжетімді несиелеу тетіктерін немесе жеңілдетілген шарттарды тек азаматтардың белгілі бір санаттары үшін беру керек. Қалғанының бәрінде нарық өзін-өзі реттейді. Сондықтан кенеттен қозғалыс жасаудың қажеті жоқ”, – деді Қазақстан риэлторлар қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко.
Соңғы екі жылда пәтерлер мен үйлер ай сайын кем дегенде 5%-ға қымбаттайтын. Ал алты айдан бері баға, керісінше, төмендеп жатыр.
“Келесі жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін 1-2% тоқырау не құлдырау болады, тіпті өсім болған күннің өзінде оның ықтималдылығы аз. Бірақ келесі жылдың жазына қарай елордада үй бағасының өскенін көреміз”, – деді Астана қалалық құрылысшылар одағының директоры Вячеслав Лазарев.
Қазақстандықтардың сатып алу қабілеті төмен, сондықтан құрылыс материалдарын өндірумен айналысу қажет. Жаңа үйлерге қолданылатын арзан шикізаттың арқасында қайталама нарықтағы үй бағасы да түседі.
“Бұрынғыдай әрбір шаршы метрдің 50%-ы Қазақстан аумағына әкелінеді. Тиісінше, біз шығындарды толық басқара алмаймыз. Тек 50%-ын ғана. Біз басқа елдерге, валюталарға, басқа жеткізушілерге тәуелдіміз”, – деп мәлімдеді жылжымайтын мүлік жөніндегі сарапшы Лев Тетин.
Тұрғын үйді жалға алу құны да төмендеген.