Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда онлайн-несие қызметі жойылуы мүмкін

Елімізде онлайн-несие нарығы жойылудың алдында тұр. Ұлттық Банк жылына 100% -дан аспайтын жылдам қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлеменің тиімді мөлшерін белгілеуді жоспарлап отыр.

Нарық қатысушыларының айтуынша, бұл ұсынысты депутаттар қолдайтын болса, олар шығынға батады. Қазақстандықтарға жалақыға дейін азғантай сомада қарыз алудың тиімділігі болмайды, деп хабарлайды 31 арна.

«Былтыр “жалақыға дейін қарыз алу” қызметімен 250 мың қазақстандық қолданған. Әрбір 30-адамға ай сайынғы жалақысы жетпейді деген сөз. Олар «жылдам ақшаны» дәрі-дәрмекке, азық-түлікке, пәтерақысын, көлік жөндетуге алған. Жақында мұндай мүмкіндіктен де айырылады. Ұлттық банк оған шектеу қоймақ.

«Тексере келе қарыз алушының пайыздық үстемақысы өсетінін білдік. Жылдық бағамы 700-1000 пайызға жетеді. Қарыз сомасы көбейіп кетеді. Қарыз алушылар ұзақ уақыт қарызды кешіктіреді», – дейді Ұлттық банк қаржы әдіснамасы департаментінің орынбасары Иман Аль-Кейси.

Алайда өзгелер бұған қарсы. «Жылдам ақша» – әлемдегі ең қымбат өнім. Ресейде жылдық үстемақысы 600-700 пайыз. Ақша 31 күнге беріледі. 200 мыңнан көп ақша бермейді. Қайтарылмай қалған жағдайда үстіне көп ақша қосылмайды.

Қазақстанда бұл мәселе әлі қарастырылып жатыр. Егер онлайн-несие қызметін жапса, халықтың оған деген сұранысы жойылмайды. Ресми мәліметтер бойынша, Қазақстанда 4 млн адам микроқаржы ұйымдарына хабарласа алмайды. Сондықтан олар онлайн-несие қызметіне келуге мәжбүр.

«Алматыда 45 мың ұрлықтың 4 мыңы ғана сотқа жетеді. Осындай кедей халықтық жалақыға дейін ақша алуын да жоймақ», – дейді саясаттанушы марат Шибұтов.

Былтыр 52 қарыз алушы онлайн-несиеге шағым түсірген. Бірақ қаржы техникалық ассоияиясындағылар мұның теңізге құйған тамшы секілді екенін айтады. Өйткені, өзге 248 мың адам қызметке көңілдері толатын көрінеді.

Тағы оқыңыз: 

ШҚО-да сәбиін босанып лақтырып жіберген мұғалімге қатысты жаңа деректер

Ақтөбеде жалғызбасты әке бұрынғы әйелін ата-ана құқығынан айырып, алимент өндіріп алмақшы

Қазақ тілінде ақпарат беруге міндетті: Сенатор Оғыз Доғанды жақтады

Талқылау