Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда оқушыларға оқу жылының ортасында мектебін ауыстыруға рұқсат беріледі

Қазақстандық оқушылар енді оқу жылының ортасында да білім алып жатқан мектебін ауыстыра алады. Каникулдың басталуын күтпей тәлімгерге бір білім ордасынан екіншісіне ауысуына қайта рұқсат берілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқу-ағарту министрлігінің өкілдерінің мәліметінше, елімізде 2018 жылдан бастап басқа мектепке ауысамын деген оқушының құжаттары тек каникул кезінде ғана қабылданып келген. Енді бұл ережелер өзгертіледі.

Оқу-ағарту министрлігі тиісті бұйрыққа сыныптарды жинақтап, білім беру ұйымдарының бюджетін тиімді бөлу үшін қол қойған. Алайда, осыдан бір ай бұрын бір топ мәжіліс депутаттары министрліктің бұйрығын баланың білім алу құқығына қайшы деп сынға алған болатын. Депутаттар бірінші сыныпқа баратын баланың құжатын тек 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында қабылдау да қисынсыз екенін айтқан.

Енді бұл мәселені министрлік қайта қарайтынын хабарлады. Яғни, тура оқу жылының ортасында бір мектептен екінші білім беру ұйымына балаларды ауыстыруға рұқсат беру мәселесі жуық арада шешілмек.

Талқылау