Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда енді қарыз көлемі 1 миллион теңгеден асса тек бір күннен кейін ғана несие беріледі

теңге ақша

Фото: depositphotos.com

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің  төрағасы Мәдина Әбілқасымова Қазақстанда банктер енді несие берген кезде "ойлану кезеңін" сақтауға міндетті екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айтуынша, егер несие көлемі бір миллион теңгеден асса, банк ақша берер алдында 24 сағат уақыт ішінде ойлануға міндетті. Бұл уақытта банк несиені алушының өзі рәсімдеп жатқанын және ол алаяқтардың құрбаны емес екенін анықтауы қажет.

"Егер қарыз алушы алаяқтардың ықпалына түссе, ойлануға, бәрін саралап, жалған несие рәсімдеуден бас тартуға мүмкіндік беріледі. Егер несие бір миллион теңгеден асса, ойлану кезеңі 24 сағат болады", – деді Әбілқасымова Астанада өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін кулуарда.

Агенттік төрағасының айтуынша, 150-ден 250 АЕК-ке дейінгі (2025 жылы шамамен 600 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін) несиелер үшін қысқартылған "ойлану кезеңі" 8 сағатқа дейін созылады.

"Бұрын банк қосымшасында несиені бірнеше минут ішінде рәсімдеуге болатын. Енді 600 мың теңгеден асатын сома кезінде банктер 8-ден 24 сағатқа дейінгі мерзімді сақтауға және несиенің алаяқтық ісі емес екенін тексеруге міндетті", – деді Мәдина Әбілқасымова.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 02 Қыркүйек, 2025 16:46
Талқылау