AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы McDonaldʼs мейрамханалар желісінің жұмысы не себепті тоқтап қалғаны белгілі болды

Қазақстанда McDonaldʼs фаст-фуд желісі Іnstagram парақшасында жұмысын уақытша тоқтатқаны туралы хабарлады. McDonaldʼs хабарламасында жұмысын "техникалық себептерге" байланысты уақытша тоқтағаны жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

McDonald’s 2022

Танымал фаст-фуд мейрамханалар желісінен тамаққа тапсырыс беру және тамақ сатып алу мүмкін болмай қалғанын жазған желі қолданушылары, шағымдарын жеткізген.

Ал компания фаст-фуд желілері қашан ашылатыны туралы нақты ақпарат айтпады.

McDonald's-тің Instagram-дағы ресми парақшасында мейрамханалар желісі техникалық себептерге байланысты жұмыс істемей тұрғанын айтқан.

"McDonald's мейрамханалары техникалық себептерге байланысты жұмыс істемейтінін хабарлаймыз. Бізден жаңалық күтіңіздер, мейрамханалар жұмысын қашан бастайтынын алдағы уақытта хабарлаймыз", - делінген компанияның ресми хабарламасында.



Кейінірек McDonald's жылдам тамақтану мейрамханалары желісінің баспасөз қызметі Қазақстандағы жұмыстың уақытша тоқтатылу себебін айтты.

"Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында McDonald's мейрамханалары фискалдық деректер операторы тарапынан техникалық ақауларға байланысты жабық болғанын хабарлаймыз", - дейді компания өкілдері.

Қазіргі уақытта барлық мейрамханалардың жұмысын қалпына келтіру шаралары қабылданғанын айтқан олар, мейрамхана жұмысын бірте-бірте қайта бастайтынын жеткізді.

Қазақстандағы McDonaldʼs желісінің франчайзиі елдегі ірі бизнесмен, Назарбаев әулетінің  бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаевқа тиесілі. Боранбаевтың өзі биыл наурызда "квазимемлекеттік секторден аса ірі көлемде қаржы жымқырды" деген күдікпен қамауда отыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр