Қазақстанда локдаунның қандай жағдайда енгізілетіні айтылды
Еліміздің кейбір қалаларында локдаун жағдайы енгізілуіне қатысты Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетсек, еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың мәлімдеуінше, биыл 17 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда COVID-19-ға оң нәтижемен 226 767 науқас, ал КВИ-дің теріс нәтижесімен 49 896 жағдай тіркелді. КВИ оңнан 208 074 және КВИ терістен 45 428 науқас сауығып шықты. Ақпанда қаңтармен салыстырғанда науқастар саны 30 пайызға төмендегі байқалды.
Бұған дейін, Қиясов келе жатқан Наурыз мейрамын тойлауға қатысты өз ойын білдірген болатын.
Еске сала кетсек, елордада локдаун енгізілетіні туралы бұған дейін хабарлаған едік.