Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда құрылыс материалдарының бағасы өскен: Бұл тұрғын үй құнына қалай әсер етеді

Қазақстанда құрылыс материалдарының бағасы бір жылда 2% өскен. Сарапшылар қымбаттаған құрылыс материалдарының бағасы тұрғын үй құнына қалай әсер етуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Қазақстанда құрылыс материалдары қымбаттап жатыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, бір жылда баға екі пайыздан астам өскен. Қазақстан құрылысшылар одағы өкілдерінің пікірінше, бұған ең басты себеп – импортқа тәуелділік. 

“Біздің деректеріміз бойынша, құрылыс материалдарының 65%-ын шетелден импорттаймыз. Яғни, егер Ресейде, Қытайда, Түркияда материалдар бағасы өссе, онда сыртқы инфляцияны өзіміздің елге импорттаймыз. Яғни, металдың әлемдік бағасы өссе, демек бізде баға өседі”, – деді Алматы қаласы бойынша Қазақстан құрылысшылар одағының директоры Тимур Нұртаев

Қазақстанда бағаның өсуі Шымкент пен Түркістан облысында айтарлықтай байқалады. Бірақ Астана, Алматы және Жамбыл облыстарында өсім аз. Жергілікті тауарлардың көлемі өсіп жатыр деп сендірді өнеркәсіп және құрылыс министрлігі. Ведомствода импортқа тәуелділікті төмендету бойынша жұмыс істеліп жатыр. 

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің құрылыстағы сметалық нормалар басқармасының басшысы Әсел Нұрахметова кейінгі 5 жылда құрылыс материалдарын өндіру бойынша 138 жоба іске қосылғанын жеткізді. 



“Мысалы, жалғыз шыны зауыты, керамикалық плитка зауыты, жылу оқшаулағыш материалдар, цемент зауыты бар. Осы жобалардың арқасында импортқа тәуелділіктің төмендеуі байқалады”, – деді Әсел Нұрахметова.

Министрліктің мәліметінше, импорттың үлесі 35% болды, ал қалғанының бәрі – отандық өндірістің материалдары. Құрылысшылар одағы болса, керісінше екенін мәлімдейді.

Ал риэлторлар қауымдастығы құрылыс материалдарының қымбаттауы құнға онша әсер етпейтінін алға тартты.

“Екі күн бұрын, 1-2 маусымда компаниялардың бірінде 25%-ға дейін жеңілдіктер болды. Сондықтан бұл жағдайда осы бағада сатып алуға сұраныс болса, оның өсуі де мүмкін екенін түсінуіміз керек”, – деді Қазақстан риэлторлар қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко.

Талқылау