Қазақстанда квестерге қатысуға және ойыншық-құбыжықтарды алуға шектеу қоятын петиция шықты
Қарағандылық қоғам белсендісі, психолог Татьяна Савицкая балаларға арналған қорқынышты ойыншықтар мен қызметтерге қатаң талап қоюды талап етті. Оның айтуынша, Хагги Вагги сияқты ойыншық-құбыжықтар және Хэллоуин мерекесі балаларға зиян келтіретінін ескеріп, ата-аналар оларға тыйым салу керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: vseodetyah.com
Психолог Савицкаяның бастамасына қолдау көрсеткен ата-аналар балалардың осындай қорқынышты квестерге қатысқанын біліп, өз алаңдаушылығын білдірген. Мамандар полициямен бірге бір квестке барғанда көргендерінен қатты шошынған: қанға оранған манекендер, ілулі және аяқ-қолы жоқ қуыршақтар, қанға толы ванналар, сәбилердің денелері. Мұндай квестердің бірі Саран әкімдігінен грант ұтып алған.
Қарағандылық "Озарение" қоғамдық қорының жетекшісі, балалар мен отбасы құқықтарын қорғау бойынша Қарағанды әкімінің кеңесшісі Татьяна Савицкая балаларға арналған деструктивті контенті бар ойындар мен кітаптардың зиянын атады. Сонымен қатар осы мәселеге қоғам назарын аудартуға тырысып отыр.
Ол мұндай ойындар мен ойыншық-монстрлар балалар психикасына кері әсерін тигізіп, балалардың қорқыныш пен өлімге деген қатынасын өзгертуі мүмкін деп санайды. Оның айтуынша, балалар мұндай мазмұндағы ойындарға қатысқанда немесе осындай мазмұнды кітаптар оқығанда олардың санасында тежегіш процестер әлсіреп, оларды басқару қиынға соғады.
Савицкаяның пікірінше, балалар өлімге ересектер сияқты мән бермейді. Ал кейбіреулері суицидті батырлық деп қабылдауы да мүмкін. Осыған байланысты ол ойыншық-құбыжықтар мен осындай мазмұндағы ойындарды тыйым салуға шақырған петиция құрып, видеоүндеу жасады.
Алайда басқа психологтар мұндай тыйым салулардың нәтиже бермейтініне сенеді. Олардың айтуынша, егер бір ойынға тыйым салынса, балалар басқасын табады. Мысалы, 50 жыл бұрын Чебурашка мен көк күшіктің ешкімге зияны болмаған дейді мамандардың бірі Виктория Аншакова.
Психолог бұл мәселеде отбасы мен ата-ананың жауапкершілігін мемлекетке аудару идеясы қалыптасып жатқанын айтады.
Виктория Аншакованың ойынша, бала тәрбиесіне саналы түрде көңіл бөлетін ата-ана баласының нені және неге қалайтынын түсініп, онымен өзі талқылап, оған ықпал ете алады. Баланың неліктен құбыжық ойыншыққа қызығатынын немесе қорқынышты квестке барғысы келетінін түсіну маңызды дейді ол. Аншакова кейбір ата-аналар мұндай заттарға қатаң талап қою қажет деп есептейтінін атап өтті. Ол Хэллоуин сияқты Батыстан келген әсерлерді, сондай-ақ ЛГБТ насихаты сияқты көріністерді шектеуді қолдайтынын жеткізді.
Квестерге келсек, Аншакова оларға 18 жастан бастап қана қатысуға рұқсат беруді ұсынады. Балаларға мейірімді, позитивті ойыншықтардан үлгі көрсеткен дұрыс деп санайды. Сондай-ақ Аншакова кәсіпкерлердің кейіпкерлерді әлемдік трендтер мен сұранысқа сүйене отырып шығаруы заңдылық екенін айтты. Маманның сөзінше, балаларға таңдау еркіндігі беріліп, оларды қандай ойыншықпен ойнау керек екенін түсінуге үйрету маңызды.
Ал Татьяна Савицкая балаларға арналған тауарлар мен қызметтерге қатаң талап ету петициясын е-petition сайтында жариялап, бейнеүндеуімен бірге үкіметке жолдады.
Еске салайық, бұған дейін Ресейдің Мәскеу облысында 15 жастағы мектеп оқушысы анасын балтамен ұрып өлтіргенін жазған едік. Сергиев Посад маңындағы Красная Сторожка ауылында 15 жастағы балаға анасы ұрысқан. Ол жасөпірімнің планшеті мен телефонын алып, компьютерде ойнауға тыйым салған екен. Өйткені жасөспірім сабаққа бармаған. Кезекті жанжалдан кейін мектеп оқушысы анасының жатын бөлмесіне келіп, оның басынан балтамен бірнеше рет ұрған. Әйел оқиға орнында мерт болды.