Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үкімет қосылған құн салығы бойынша шекті соманы 15 миллион теңгеге дейін төмендетіп, 16% мөлшерлемені таңдады

Вице-премьер, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығының (ҚҚС) жаңа шегі мен одан кімдердің босатылатыны туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Photoxpress

Министрдің айтуынша, қосылған құн салғының мөлшерлемесін 16%-ға дейін көтеру және саралау бюджеттің құбылмалы мұнай кірістеріне тәуелділігін азайтуға көмектесетінін жеткізді. Сондай-ақ бұл Ұлттық қордың жинақ функциясын күшейтіп, мемлекеттік жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді екен.

"Қазір қосылған құн салығын төлемейтіндер санатында шаруа қожалықтары бар. Біз оларды төлемейтін етіп қалдырамыз. Ал ауыл шаруашылығы тауарын өндіретін заңды тұлғалар бюджетке қосылған құн салығының 30%-ын төлейтін еді. Енді олар да салықтан босатылады. Осылайша, Қазақстанда өндірілетін барлық өнімдер (картоп, қызанақ, пияз, қырыққабат және т.б.) бәсекеге қабілетті болады.

Жылдық мөлшерлеме – 10%. Денсаулық сақтау саласы үшін төмендетілген мөлшерлемені ұсынамыз.Тағы кімдерге төмен мөлшерлеме қаралатынын талқылау қажет. Барлық ұсынысты жинап, есептеп, сарапшылармен және бизнес саласымен бірлесіп шешеміз", – деп түсіндірді Жұманғарин.

Министр мөлшерлеме көп болған сайын есепке алу күрделене түсетінін алға тартты.

"Бұған жол бермеу үшін біз мыналарды ұсынамыз: 16 пайыз, 10 пайыз, 0 пайыз және салықтан босату. Бүгінде кәсіпорындардың тек 4 пайызы ғана қосылған құн салығын төлейді. Көптеген компания салық салуды болдырмау үшін бизнесті жасанды түрде бөлшектейді. Бұл салық жүйесін бұзады және қосылған құн салығының қалыпты есебіне кедергі келтіреді. Сондықтан есепке қою шегін 80 миллион теңгеден 15 миллион теңгеге дейін төмендету ұсынылады. Бұл бизнес үшін тең жағдай жасайды, жалтару схемаларын болдырмайды", – деп жалғастырды ол.



Жұманғарин дамыған және дамушы экономикалардың көпшілігінде қосылған құн салығының шегі әлдеқайда төмен немесе мүлдем жоқ екенін атап өтті. Айтуынша, мәселен, Канадаға, Кореяға, скандинавия елдеріне, Шығыс Еуропаның бірқатар елдеріне және жақын көршілес, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанда салық Қазақстанға қарағанда төмен.

"Бөлшек салық режимі де қайта қаралады. Жалпы, біз оны сақтаймыз. Бұл ретте осы режим бойынша табыс шегі 600 мың АЕК мөлшерінде сақталады. Бұл – жылына 2,359 триллион теңге. Жұмыскерлер саны бойынша шектеулер алынып тасталады. Егер сатудан түскен табыс жылына 100 миллион теңгеден асса, жалақыны ақтауды ынталандыру үшін 100 миллион теңге, 4 пайыз мөлшерлемені сақтаймыз. Негізгі шарт – қызмет түрлерін қысқарту және тек B2C сегментінде жүзеге асыру”, – деп қосты ол.

Еске салсақ, бұған дейін үкімет қосылған құн салығының мөлшерін 16 пайызға дейін көтеруді ұсынған еді. 

Талқылау