AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирусқа қарсы ақылы вакцина қанша теңге тұратын болады: Денсаулық сақтау министрі жауап берді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2022 жылы Қазақстанға жеткізілетін коронавирусқа қарсы ақылы вакциналардың аса қымбатқа түспейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

вакцина

Үкімет отырысында Алексей Цойға коронавирусқа қарсы ақылы вакцина шамамен қанша тұратыны туралы сұрақ қойылды. 

"Мен мұны айта алмаймын, өйткені бұл коммерциялық сегмент. Бірақ жалпы вакциналар қымбат емес. Егер басқа вакциналармен салыстырып қарайтын болсақ, олардың бағасы 2 мыңнан 5 мың теңгеге дейінгі аралықта болуы мүмкін. Сол себепті бұл жерде вакциналардың коммерциялық сегментте қандай бағамен сатып алынатынына назар аудару қажет", - деді Цой журналистерге үкімет кулуарында.



Айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі негізгі дистрибьюторларға хабар берген. Қазір олар келесі жылы ел аумағына ақылы вакциналар жеткізу мәселесін пысықтап жатыр.

Министр алдағы ақылы вакцинация тегін вакцина салдырғысы келмейтін қазақстандықтар үшін "баламалы аналог" болатынын мәлімдеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр