Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарды емдеу хаттамасы тағы өзгерді

Коронавирусты диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасына толықтырулар енгізілді. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

"COVID-19-ды диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасының 10-шы редакциясына коронавирусты емдеу үшін айтарлықтай өзгерістер енгізілді. COVID-19 кезінде бактериялық инфекция қосылғанда, тек көрсеткіштер бойынша антибактериалды терапияны қолдануға ерекше назар аударылды".

"COVID-19 кезінде өкпенің вирустық зақымдануы бастапқы эмпирикалық бактерияға қарсы терапия дегенді білдірмейді.  Хаттаманы әзірлеушілер (бұл жетекші инфекционистер, пульмонологтар және Қазақстанның басқа да клиникалық мамандары) орташа ауыр жағдайы бар COVID-19 науқастарын инфекциялық стационарға жатқызбай тұрып, алдымен амбулаториялық деңгейде вирусқа қарсы препараттармен емдеуге ұсыныс жасады. Бұл ұсынысты клиникалық зерттеулер аясында денсаулық сақтау министрлігінің сапа жөніндегі біріккен комиссиясы мүшелері көпшілік дауыспен қолдады", - деп жазды вице-министр Facebook парақшасында.

Оған сәйкес амбулаторлық кезеңде, яғни үйде емдеулушілерге "Гидроксихлорохин" және "Лопинавир"/"Ритонавир" дәрілерін ішуге болады.

"Енді пациенттер Жапония мен Ресейде COVID-19 емдеу кезінде кеңінен қолданылатын "Фавипиравир" препаратын стационар деңгейінде ала алады. Ауыр пневмония кезінде терапия "Дексаметазон" препаратымен толықтырылды. COVID-19 патогенезіндегі негізгі буын микро және макротромбоздардың дамуы екенін назарға ала отырып, антикоагулянтты терапия схемалары өзектендірілген.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта алғашқы медициналық-санитариялық көмек келісімімен үш күннен артық дене қызуы көтерілмеген, респираторлық симптомдардың регрессиясы болмаған, рентгендегі/КТ өкпедегі оң динамика байқалған және қабыну мен коагулопатия (лимфопения; тромбоцитопения; СРБ, Д-димер, прокальцитонин, фибриноген артпауы) белгілерінің дамуы болмаған жағдайда пациенттерді одан әрі амбулаториялық емдеуге (ерте шығару) ауыстыру туралы шешім қабылданды", - деді Людмила Бюрабекова.

Оның сөзіне қарағанда, ауруханадан шыққаннан кейін аурудың орташа ауыр, ауыр түрін бастан өткерген науқастарға (сауығып келе жатқандар) медициналық бақылау үйде жалғады. Бақылаудың ұзақтығы жеке анықталады. Хаттаманың 10-шы нұсқасы жақын арада министрліктің ресми интернет-ресурсында жарияланады.

STAN.KZ
Сейсенбі, 30 Маусым, 2020 13:37
Талқылау