Қазақстанда коронавирус жұқтырған қанша дәрігер 2 млн теңгені ала алды
Қазақстандағы 112 медицина қызметкеріне COVID-19 жұқтыруына байланысты біржолғы төлем тағайындалды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"24 шілдедегі жағдай бойынша коронавирустық инфекцияны немесе вирусты пневмонияны жұқтыру жағдайына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 миллион теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем COVID-19-бен күреске тартылған 112 медицина қызметкеріне тағайындалды. Ақша қаражаты 73 медицина қызметкеріне аударылды, тағы 39-ына төлем жіберілді", - деп жазды ведомствода.
Жоғарыда көрсетілген төлемақы алуға құқығы бар медициналық қызметкерлерді өңірлердің және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармалары жанындағы арнайы комиссиялар ауырған медицина қызметкерлерін тексеру нәтижелері негізінде анықтайды. Өтінімдердің жалпы жиынтығын денсаулық сақтау министрлігі қалыптастырады.
Денсаулық сақтау министрлігінен сақтандыру қорына төлем жасауға барлығы 123 өтініш келіп түсті. Өңірлер бойынша өтініштердің ең көп саны Алматыдан келді - 46, Алматы облысынан - 38 және Солтүстік Қазақстаннан - 10 өтінім.
Қалған 11 өтініш бойынша қосымша мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігінде тексерілуде. Нақтыланған мәліметтерді ұсынғаннан кейін бұл медициналық қызметкерлеріне дереу төлем тағайындалады.
"22 шілдеде Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен денсаулық сақтау министрінің "COVID-19 коронавирусымен күресу бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне инфекция жұқтырып немесе одан қайтыс болған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" бірлескен бұйрығына сәйкес төменде көрсетілген төлем жасалады.:
коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда медицина қызметкерлеріне - 2 миллион теңге;
бұл адамдардың отбасыларына, егер дәрігер COVID-тің коронавирусын жұқтырып, қаза болған жағдайда - 19 млн, вирустық пневмониямен ауырған жағдайда - 10 миллион теңге.
Әлеуметтік сақтандыру қорына медицина қызметкерінің коронавирустық инфекциядан, вирустық пневмониядан көз жұмуы туралы өтініштер келіп түскен жоқ", - деді министрліктің баспасөз қызметі.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
