Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирусты жедел анықтайтын тесттер қанша тұрады

Қазақстанда коронавирусты анықтауға болатын жедел тесттердің бағасы қанша болатыны айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Мұндай ақпаратпен «Олимп» клиникалық-диагностикалық орталығы бөлісті. 

"Сәби" қорының қайырымдылық көмегі аясында ең алдымен тәуекел тобына кіретін пациенттерге тегін жедел-тест жүргізу жоспарланып отыр. Ол үшін таяу уақытта адресі белгілі болатын сайтта арнайы сауалнаманы толтыру қажет. Эпидемиологтар сауалнамаларды өңдеп болғаннан кейін тәуекел факторы бар пациенттер тесттен өтуге шақырылады", - делінген ресми хабарламада.

Жедел-тестілердің алғашқы топтамасы Қазақстанға жеткізіліп, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына 50 мыңнан беріледі екен. Тегін тестілеу жасалып болғаннан кейін Қазақстанның барлық қалаларында ақылы түрде жедел-тестілеу жүргізіледі. Оның болжамды құны 4 мыңнан 5 мың теңгеге дейін болады. Ақылы тестілеудің қашан басталатындығы басталатындығы қосымша хабарланбақ.


 

STAN.KZ
Бейсенбі, 26 Наурыз, 2020 18:25
Талқылау