Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 1900-ге жуық адам көз жұмды

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 1886 адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 16 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 25 724, 292 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 591-ге жетті.

Ал коронавирустық инфекциясы расталған адамдардың саны ел бойынша 105 мыңнан асқан. 1594 адам көз жұмды.

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 7 379 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 30 өскіншек бала бар. Стационарларда  3 811 науқас жатыр. 3 568 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.  
Жалпы науқастардың арасында 197 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 35 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 01 Қыркүйек, 2020 08:39
Талқылау