Қазақстанда көмірді автокөлікпен шығаруға тыйым салынды
Қазақстанда көмірді автотранспортпен шығаруға тыйым салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Көмірді елден тыс жерлерге автокөлікпен шығаруға тыйым салу туралы 14.09.2022 жылғы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің № 514 бұйрығы шықты", - делінген дүйсенбі күнгі хабарламада.
Сонымен қоса уақытша шектеу тұрғындар мен коммуналдық және әлеуметтік нысандарға арналған көмірдің шекаралас өңірлерге автокөлікпен тасымалданып, қатты отынды көршілес мемлекеттерде қайта сату үшін шығарылған фактілердің анықталуына байланысты енгізіліп отырғаны айтылған.
- 2022 жылы Қазақстанда көмір бағасы қанша болады – Министр айтты
- Риддерліктер биыл жылусыз қаламыз ба деп алаңдаулы
"Министрліктің бұл шешімі жергілікті көмір тиеу тұйықтары мен өңір әкімдіктерімен бірлесіп әзірленген. Басты мақсат – 2022-2023 жылдарындағы жылу беру маусымы кезеңінде көзделген межені орындау және елдегі көмір тапшылығын болдырмау", - деп қосты баспасөз қызметі.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді