Қазақстанда көліктің барлық түрімен бензин мен дизель отынын елден шығаруға тыйым салынбақ
Энергетика министрлігі "Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін экспорттаудың кейбір мәселелері" туралы бірлескен бұйрық дайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Көліктің барлық түрлерімен: бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерімен қоспағанда, жағармайды қоспағанда, сұйық отынды қоспағанда, автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында әкетуді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның келісімі және жоғарыда көрсетілген жұмыстарды жүргізуге уәкілетті ұйыммен шарт және осы мақсаттар үшін авиациялық отын үлгілерінің (сынамаларының) және көлемдерінің қажетті саны көрсетілген хат болған жағдайда, авиациялық отынды (реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды) өнеркәсіптік өндіріске қою, оны өнеркәсіптік өндірудің технологиясын бекіту немесе қайта бекіту мақсатында тәжірибелік-өнеркәсіптік партиядан қоспаларды іріктеу, үлгілерді біліктілік және зертханалық сынау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін авиациялық отынды әкетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге төрт ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта.
- Тоқаевтың тапсырмасы бойынша енгізілген газ бағасын реттеу туралы бұйрық тағы алты айға ұзартылды
- Бензинді талонмен ала алмай жатыр: ШҚО-да бір аптадан бері жолдар қардан тазартылмай, жедел жәрдем жұмысы қиындаған
Бұйрық жобасы Ашық НҚА сайтында 31 қаңтарға дейін орналастырылған.
20 қаңтарда энергетика министрінің, қаржы министрінің, ішкі істер министрінің және ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірлескен бұйрығымен елімізде жанар-жағармайды автомобиль көлігімен экспорттауға тыйым салу мерзімі алты айға ұзартылған.
Дәл осы күні премьер-министр Әлихан Смайылов ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді. Ол Энергетика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, бақылауды күшейту және елден заңсыз отын экспортын тоқтату бойынша шешуші шаралар қабылдауды тапсырған.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
