Қазақстанда кітапхана, архив және ақпарат саласында гранттар саны екі есеге артты
Фото: vuzopedia.ru
Қазақстанда "Кітапхана ісі, ақпаратты өңдеу және архив ісі" бағдарламасы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы екі есе ұлғайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәліметтерге сенсек, бакалавриат гранттары 20-дан 100-ге дейін көбейіп, еліміздің бес өңірінде қосымша 89 грант бөлінді.
Шешім архив және кітапхана саласында білікті мамандар даярлауды күшейту мақсатында қабылданды. Сонымен қатар Жамбыл облысындағы Қордай және Жамбыл аудандық архивтері, Ақтөбе облысындағы Темір аудандық архиві және Астанадағы президент Архивінің жаңа ғимараттары пайдалануға берілді.
Мәдениет және ақпарат министрлігі тарихи және мәдени мұраны сақтау бағытында бірнеше жобаны іске қосты. "Батырларға тағзым" веб-порталында Ұлы Отан соғысына қатысқан 690 мыңнан астам жауынгер туралы мәлімет жинақталған. Сонымен қатар KAZNEB.KZ платформасында майдангер жазушылардың шығармаларының аудионұсқалары жарияланды.
"Архив – 2025" жобасы аясында 14 елден мыңнан астам бірегей құжат жиналып, архив материалдарын сақтау мен бірыңғай электрондық архивтің құқықтық негізін қалыптастыруға бағытталған жаңа заң жобасы әзірленуде. Ұлттық архиві Сауд Арабиясы, Ресей, Литва және Түркия елдерінің архив қызметтерімен ынтымақтастық орнатып, құжаттық мұраны цифрландыру жобаларын жүзеге асырылып жатыр.
Айта кетейік, Ұлттық архив қорында 74,5 мың қорды қамтитын 27,8 миллионнан астам сақтау бірлігі бар.
Темірлан Анарбековке де білім гранты берілді
Шерхан Қалмұрзаға Алматыдағы университеттердің бірінен білім гранты берілді
Еске салайық, бұған дейін ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) кезең-кезеңімен жаңартылатынын хабарлады. Өзгерістерді енгізу үшін АҚШ-тағы беделді ETS (Educational Testing Service) ұйымының мамандары тартылатын болады. 2026 жылы тестілеу форматына ешқандай өзгеріс енгізілмейді. ETS халықаралық деңгейдегі тестілерді (TOEFL, GRE, Praxis) әзірлейтін коммерциялық емес ұйым болып табылады және білім сапасын арттыруға бағытталған.

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
