Қазақстанда кедей елдерге көмек көрсететін агенттік құрылады

2020 жылдың қыркүйек айының ортасына дейін елде "KazAID Қазақстандық халықаралық даму агенттігі" құрылады. ҚР СІМ-нің ведомстволық бағынысты ұйымы басқа елдерге көмек көрсететін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сыртқы істер министрлігі жанынан "KazAID Қазақстандық халықаралық даму агенттігін" құру жоспарлануда. Жаңа ұйымның міндеті - басқа елдерге көмек көрсету.  Құру күні - 2020 жылдың қыркүйек айының ортасынан кешіктірмей. Үкімет қаулысының тиісті жобасы "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

Түсіндірме жазбада көрсетілгендей, бұл жоба президентпен келісілген. Агенттіктің жарғылық капиталы республикалық бюджет есебінен қалыптастырылады.

Жаңа ведомствоның құрылуы дамуға ресми көмек саласындағы ҚР тұжырымдамасының келесі қадамы болып саналады. Құжат Қазақстанға қарағанда аз дамыған елдерге қаржылық, техникалық немесе кез келген басқа көмек көрсетуді көздейді. Бұл Қазақстанның халықаралық қоғамдастықтағы рөлі мен беделін нығайтуға мүмкіндік береді.

Шенеуніктер мұндай агенттікті ашу қажеттілігі туралы біршама уақыттан бері айтып келеді.

2018 жылғы сәуірде "Ашық НҚА" порталында осы агенттікті құру туралы үкімет қаулысының жобасы пайда болды, бірақ ол кезде құрылмады.

2020 жылғы шілде айының соңында "Ашық НҚА" порталында Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмек саласындағы 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын бекіту туралы президент жарлығының жобасы да орналастырылды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Орталық Азия мемлекеттеріне, Ауғанстанға және басқа да дамушы елдерге жалпы сомасы 500 миллион доллардан астам көмек көрсеткені белгілі болды. 2017-2018 жылдары Қазақстан 100 миллион долларға жуық көмек көрсетті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр