Қазақстанда қай жолдарда орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салынады
Биыл желтоқсанда орташа жылдамдықты бекітуге мүмкіндік беретін, оны есептеу тәртібін және одан асып кеткені үшін айыппұлдарды белгілейтін Заңның түзетулері күшіне енеді. Заңға сәйкес, орташа жылдамдық барлық жерде емес, тек кей бағыттар бойынша ғана тіркеледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Колеса басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Көлік министрлігі Көлік комитетінің мәліметінше, қазір елімізде 13 ақылы жол учаскесінде 62 бекіту пункті жұмыс істейді:
- Астана – Щучинск;
- Жібек жолы – Теміртау;
- Астана – Павлодар;
- Шымкент – Қызылорда;
- Шымкент – Өзбекстан шекарасы;
- Шымкент – Тараз;
- Тараз – Қайнар;
- Қонаев – Талдықорған;
- Павлодар – Семей – Қалбатау;
- Орал – Ресей шекарасы (Саратовқа дейін);
- Павлодар – Ресей Федерациясының шекарасы (Омбыға дейін);
- Бейнеу – Ақжігіт;
- Орал – Ресей Федерациясының шекарасы (Самараға дейін).
Алдағы уақытта тағы төрт ақылы учаскедегі орташа жылдамдықты бақылауға тағы 31 аппараттық кешен тартылып, олардың саны 93 бекіту пунктіне жетеді.
Еске сала кетейік, 2025 жылы айлық есептік көрсеткіш 3 мың 932 теңгеге дейін өскенін ескере отырып, белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін айыппұлдар келесідей болады:
- 10-нан 20 км/сағатқа дейінгі мән үшін 5 АЕК немесе 19 мың 660 теңге;
- 20-дан 40 км/сағатқа дейін 10 АЕК немесе 39 мың 320 теңге;
- 40 км/сағат және одан жоғары мән үшін 20 АЕК немесе 78 мың 640 теңге.
Айта кетейік, бұған дейін Елімізде желтоқсаннан бастап жүргізушілерге жылдамдықты асырғаны үшін салынатын айыппұл екі есе өсетіні туралы жазған едік.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан