Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша адамның несиелік қарызы кешірілетіні белгілі болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова елімізде несиелік рахымшылық аясында шамамен 507 мың азаматтың несиелік қарызы кешірілетінін айтты.

Қазақстанда қанша адамның несиелік қарызы кешірілетіні белгілі болды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды. 

Ведомство мәліметінше, несиелік бюроға 2 миллион 289 мыңнан аса адамның мәліметтері жіберілген. Қазіргі уақытта несиелік қарызы кешірілетін азаматтардың саны анықталған. 

«Несиелік бюро екінші деңгейлі банктердің мәліметтерімен салыстырып, аталған тұлғалардың несиелерін анықтайды. ... Проблемалық несиелер қоры екінші деңгейлі банктермен келісімшарт жасайды. Бүгінге дейін несиелік қарызы кешірілетін 507 мыңға жуық адамның анықталғанын айта аламыз», - деді Светлана Жақыпова үкіметтің баспасөз конференциясының барысында.

Вице-министрдің сөзінше, мұнан кейін несиелік қарызы кешірілетін азаматтардың тізімі ұлғаюы мүмкін. Тізім аяқталған жоқ, дейді ол.

Талқылау