Қазақстанда қандай ақылы жолдардың бағасы төмендейтіні белгілі болды
Автожолдардың жекелеген учаскелерінің ақысы 50%-ға дейін арзандауы мүмкін. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ақылы тарифтер 2013 жылы белгіленген. I санаттағы жолдар бойынша бұл тарифтер: жеңіл көлік үшін 1 км-ге 1 теңге, ал автобустар мен жүк машиналары үшін жүк көтерімділігіне байланысты мүлдем басқа тарифтер қолданылады. Бұл тарифтер қайта қарастырылмайды. Мәселе II-III санаттағы жолдардаға байланысты. Жолдардың жүктелу қарқындылығын ескере отырып, есептеулер жүргізілді. Бұл жолдар шамамен 50%-ға арзандау болады. Бірақ әзірге біз оларды мемлекеттік органдармен және "Атамекен" Ұлттық палатасымен келісеміз", – деп хабарлады Камалиев брифингте.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Марат Асқаровтың айтуынша, жоспардың кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын ұзындығы 5,8 мың шақырымнан асатын жолдаға ақылы жүйені енгізу жоспарланған.
Биыл 1 қазан мен 1 қараша аралығында ұзындығы 1,8 мың шақырым болатын I санаттағы жолдарға ақылы жүйе енгізіледі. Бүгінгі таңда жеті жер телімі пайдаланылуға дайын: Нұр-Сұлтан – Павлодар, Шымкент – Өзбекстан шекарасы, Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Қапшағай – Талдыкорга, Нұр-Сұлтан – Көкшетау – Петропавл.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
