AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ХҚО жұмыс кестесі өзгертілмек

Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесін өзгерту туралы бұйрық жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жоспарланған жаңашылдыққа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазіргі уақытта ХҚО жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, 17 кезекші ХҚО – 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Мемлекеттік корпорацияда атап өткендей, бұл кесте ресми түрде бекітілмегенімен, екі жылдан бері қолданыста. Бұл ретте, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік мекемесінің ережесіне сәйкес,  ХҚО-лар жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Жаңа құжатқа сәйкес, ХҚО жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, ал кезекші ХҚО – мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. 

"Статистика көрсеткендей, халыққа қызмет көрсету орталықтарына демалыс күндері келетін клиенттер саны аз. Жаңартылған кесте халыққа қызмет көрсету орталықтарына сенбі күні сағат 13.00-ге дейін жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Бұл шаралар халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысының тиімділігін арттырады. Онлайн қызмет көрсетудің арқасында халыққа қызмет көрсету орталықтарына тұтынушылар ағыны жылдан жылға азайып келеді", - делінген мемлекеттік корпорация таратқан хабарламада.

Құжаттың салыстырмалы кестесінде атап өтілгендей, "Азаматтарға арналған үкімет" қызметкерлерінің 30 пайызын қысқартуды жоспарлап отыр. Жаңашылдық қызметкерлердің бір ауысымда жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр