Қазақстанда Hayat-Vax және CoronaVaс вакциналары не үшін жетпей жатқанын вице-министр түсіндірді
Hayat-Vax және CoronaVac коронавирусқа қарсы вакциналардың жетіспеушілігіне қатысты Денсаулық сақтау министірлігінің бірінші вице-министрі Марат Шоранов түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, Hayat-Vax және CoronaVac вакциналары Қазақстанға шектеулі мөлшерде жеткізілген.
"Басынан бастап бүкіл партия екіге бөлінеді, оның жартысын біз бірінші компонентке, ал қалған бөлігін екінші бөлікке қалдырамыз. Қазіргі уақытта Hayat-Vax вакцинасының алғашқы компонентінің шамамен 13 мың дозасы қалды. Қазақстанда 486 мыңнан астам адам онымен егілді. Сондықтан екінші компоненттің дозалары медициналық мекемелердің қоймаларында сақталады", - деді Шоранов.
- COVID-19-ға қарсы вакцина өлімнен аман алып қала ма? Қазақстан мен Ұлыбританиядағы жағдайды салыстырамыз
- Заң бойынша вакцинаны мәжбүрлі түрде егуге бола ма? Заңгер жауап берді
Айтуынша, Hayat-Vax және CoronaVac бірінші компонентін алған азаматтар екінші дозаны сол мекемелерде ала алады.
Қазақстан бойынша осы екі вакцинамен 486 мыңға жуық адам егілгендіктен, олардың саны шектеулі.
"Вакциналар бір реттік келісімшарт бойынша жеткізілді. Келіссөздер жүргізілуде. Ары қарай қалай болатыны зауыттың өндірістік қуатына, келісімшарттарға байланысты. Біз нақты уақытын анықтауға тырысып жатырмыз", - дейді Шоранов.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
