Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда газ бағасы 2023 жылдың екінші жартысына дейін өспейді

Еліміздің аумағындағы автогаз құю станцияларында сұйытылған газдың бөлшек саудадағы бағасы тағы 6 ай бойы мемлекет тарапынан реттеледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттзігі. 

газ

Еске салайық, президенттің 2022 жылы 5 қаңтардағы тапсырмасы бойынша 5 шілдеде автогаз құю станцияларынан сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар белгіленген еді. Газ бағасы өңірге байланысты литріне 70 теңгеге дейін болды. Аталған бұйрықтың мерзімі 2023 жылғы 1 қаңтарда аяқталуы керек.

"Жалпы сұйытылған мұнай газы нарығының бөлшек сегментінде еркін баға белгілеу жағдайында бағаның күрт өсу және қоғамдағы әлеуметтік шиеленістің пайда болу қаупі бар. Осыған орай кеше күшіне енген бұйрыққа сәйкес, 2023 жылғы 30 маусымға дейін Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке май құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік бағалық реттеу ұзартылды", – делінген Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің бұйрығында. 

STAN.KZ
Жұма, 30 Желтоқсан, 2022 11:00
Талқылау