Қазақстанда фермерлер үшін дизель отынының көктемгі бағасы аталды
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Болат Ақшолақов фермелер үшін көктемгі дизельдің бағасы қанша болатынын атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бүгінгі күні Энергетика министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп "Облыстарды мұнай өңдеу зауыттарына көктемгі егіс жұмыстары үшін дизель отынын жеткізу бойынша бекіту графигін" бекітеді. Оның шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қажеттілік 400,26 мың тонна көлемінде бекітілді", – деді Энергетика министрі.
Айтуынша, бұл бекітілген график Ауыл шаруашылығы министрлігі атынан облыс әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармаларына және Энергетика министрлігінің атынан ресурс ұстаушыларға жіберілген. Сондай-ақ, ол биыл фермерлерге қажет дизельдің құны қандай болатынын айтты.
"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Министрлік ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынын жеткізуге қатысатын негізгі ресурс ұстаушылармен кеңестер өткізді, олардың қорытындысы бойынша 2022 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынына ұсынылатын баға тоннасына 212 мың теңгені құрайды. Басқаша айтатқанда, бұл бір литріне 176 теңге деген сөз", – деді министрі.
Болат Ақшолақов Энергетика министрлігінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері үшін дизель отынына арзандатылған бағаларды заңнамалық бекіту құзыреті жоқ екенін қосып өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Энергетика министрлігі дизель отыны қымбаттаса да, шекті баға сақталатынын айтқан еді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
