Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда есірткі зертханасын ұйымдастырушыларды өмір бойына соттау жазасын енгізу ұсынылды

ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов есірткі зертханаларын ұйымдастырушылар үшін жазаны күшейтуді және қылмысты алғаш рет жасаған жасөспірімдер үшін жазаны жеңілдетуді ұсынды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көрнекі сурет

“Қазір есірткі зертханаларын ұйымдастырушылар есірткіні бір топ адамға сату мақсатында және аса ірі көлемде өндіргені және өңдегені үшін жауапкершілікке тартылып, 10 жылдан 15 жылға дейін жаза көзделген. Ұсынылып отырған түзетулерде дәл сол әрекеттер Қылмыстық кодекстің 297-бабының 4-бөлігімен квалификацияланып, 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейді”, – деді Сәденов мәжілісте есірткі қылмысымен күрес шараларына арналған жиында сөйлеген сөзінде.



Оның айтуынша, қоғамда есірткінің "закладчиктері" деп аталатындарды шектен тыс репрессиялық жазалау мәселесі талқылануда, бұл осы салаға жастар мен жасөспірімдердің тартылуымен байланысты. Есірткі сатушының "портреті" өзгерді. Бүгінде бұлар негізінен ауқатты отбасылардан шыққан жастар, дейді ол. Олар интернет-технологияларды белсенді қолданумен сипатталады. Министрдің айтуынша, олар есірткі саудагерлерінің қатарына "оңай ақшаға" қызыққан кейін қосылады.

“Бүгінгі таңда кәмелетке толмаған алты бала сотталды. Тағы 26 жасөспірім тергелуде. Қылмыс алғаш рет жасалса, қылмыскер тергеумен белсенді түрде ынтымақтаса отырып, есірткі тасымалдаушыларды жауапкершіліктен босатуға болады”, – деді Сәденов.

Талқылау