Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда екі өңір коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта қалып қойды

Қазақстанда коронавирустың таралу аймақтары туралы ақпарат жаңартылды. Атап айтқанда, кейбір аймақтар "қызылдан" шығып, "сарыға" өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қызыл" аймақта қазір Атырау және Қостанай облыстары тұр. Одан Ақмола және Павлодар облыстары шығып, "сары" аймаққа түсті. Сонымен қатар "сары" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы және СҚО бар.

Қалған өңірлердің барлығы "жасыл" аймақта.

Еске сала кетейік, бір тәулік ішінде Қазақстанда коронавирус жұқтырған 739 жаңа адам анықталды. Эпидемия басталғаннан бері елде 153 199 инфекция тіркелді.

STAN.KZ
Сейсенбі, 29 Желтоқсан, 2020 11:44
Талқылау