Қазақстанда доллар бағамы 534 теңгеге жетті
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық нәтижесі бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,01 теңгеге көтеріліп, 526,11 теңгеге жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Рexels.com
Ақша айырбастау пункттерінде 5 қаңтар күні ұлттық валютаның ресми бағамы 525,11 теңгеге жетті.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазір Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 526,15 теңгеге тең. Ал сату бағамы – 530,12 теңге. Астанадағы ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 527,01 теңгеден сатып алынса, 534,02 теңгеден сатылып жатыр.
Бұған дейін 12 желтоқсанда доллар бағамы 5 теңгеге өскен еді. Яғни, 1 доллар 522,91 теңгеден сатылды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген