Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда декларацияны зейнеткерлер мен студенттер де тапсыруы тиіс пе - Вице-министр түсіндірді

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қазақстандықтар жалпыға бірдей табыс декларациясы бойынша салық есептілігін тапсыруы тиіс екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Барлығында бірдей түсінік болуы үшін. Әрбір адам 250 нысаны туралы декларацияны тапсыруы керек. Онда барлық активтер көрсетіледі. Барлығы тапсыру қажет, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал санатына жататын зейнеткерлер мен студенттер де бар. Біздің бағалауымыз бойынша, төртінші кезеңде 6,5 миллионнан астам адам есеп бере алад”, – дейді вице-министр.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне барлығы 13 миллион адам енгізіледі.



“Бірақ болашақта 2026 немесе 2027 жылдары зейнеткер тек зейнетақы алып, кәсіпкерлікпен айналыспайтын болса, онда біз декларацияны тапсырмау туралы нұсқаны қарастырамыз. Біз ол туралы деректерді автоматты түрде алдық”, – деп жалғады Біржанов.

Вице-министр атап өткендей, жеке адамдар арасындағы сыйлықтар туралы есеп бермеуге болады.

Талқылау