Қазақстанның екі аумағында жер сілкінісі болды
Фото: istockphoto
Қазақстанда бүгін екі рет жер сілкінісі болды. Бірі – Шығыс Қазақстанда екіншісі Жамбыл облысында. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сағат 15:08-де Жамбыл облысында тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Тәжікстан аумағында 338 шақырым жерде орналасқан. Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай.
Құланда 3 балл, Меркіде 2 балл сезілді.
Зардап шеккендер мен ғимарат зақымдануы туралы мәлімет түскен жоқ.
Таңертең Шығыс Қазастанда екі балдық жер сілкіні болған. Астана уақытымен 07:35-те “Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпараттың ұлттық ғылыми орталығы” ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеген.
Жерасты дүмпулерінің ошағы Ресей аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 1 162 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісі
- Өскеменде 2 балл;
- Катонқарағайда 2 балл болып сезілген.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген