Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда британдық және оңтүстікафрикалық коронавирус штаммы анықталды

Елімізде британдық және оңтүстікафрикалық коронавирус штаммы анықталды. Бұл туралы Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қазіргі уақытта Алматы «қызыл» зонада. Биыл қалада 12 800 коронавирус инфекциялық жағдайы тіркелді. Штамм айналмалы мутациялау жағдайында індетке шалдығудың жоғары көрсеткіші сақталып отыр. Өзгертілген учаскелердің секвенириялы геномдық нәтижесі алынды, коронавирустың британдық және оңтүстікафрикалық штаммына сәйкес келетін мутация анықталды", - деді Бекшин.  

Сондай-ақ, Бекшин қала тұрғындарын маска режимі мен арақашықтықты сақтауға және көпшілік орындарға барудан бас тартуға шақырды. 

"Жаңа штаммының жұғу көрсеткіші жоғары. Осыған дейінгі штамм базасымен салыстырғанжа жаңа штаммның таралу көрсеткіші 70 пайызға жоғары. Яғни бұл инфекция әлдеқайда жұқпалы. Сол себептен де мегаполисте соңғы уақытта індеттің таралу көрсеткіші жоғары болып отыр", - деді ол. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматыда КВИ-мен күрес жөніндегі штабтың көшпелі отырысын өткізді. Онда министр қаладағы эпидемиологиялық ахуалға бақылаудың нашар екенін айтты. 


 

STAN.KZ
Жұма, 26 Наурыз, 2021 20:52
Талқылау