Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бірқатар пәндер ағылшын тілінде өтетін болады

Қазақстан президенті оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттауды тапсырды.

900678 (1)

Адами капитал сапасын жақсарту Қазақстан билігінің басымдылығы болмақ. “Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет”, — делінген президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауына.

Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға,  ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет. Ол үкіметке тиісті ұсыныстар беруді тапсырды.  Үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшуде қазақ тілінің басымдығы сақталады. “Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды”, — делінген жолдауда. “2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытатын боламыз. Бұл мәселені тиянақты ойланып, ақылмен шешу қажет”, — деп көрсетілген құжатта.  Мектептердің және мұғалімдердің деңгейі, әсіресе ауыл мен қалада әртүрлі екенін түсінеді президент. Білікті педагогтардың жетіспеу проблемасы да бар. “Сондықтан, осының барлығын ескеріп, ағылшын тілін кезең-кезеңмен енгізуіміз керек. Тиісті ұсыныстар беруді тапсырамын”, — делінген жолдауда.

2017 жылдан бастап Қазақстанда “Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру” жобасы іске асырыла бастады.  Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс. Кәсіптік білім беру жүйесінде, мен айтқандай, экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауға ден қою керек. “Ол үшін кәсіптік стандарттар еңбек нарығының талаптарына және ең үздік әлемдік оқу-өндірістік тәжірибелерге сәйкес жаңартылуы қажет”, — деп санайды елбасы.  Сонымен қатар, жоғары білім беру жүйесі сапасына ерекше назар аударылады. Жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық-техникалық жабдықталу деңгейіне, білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талап күшейтілуі қажет.

Жіберіп алмаңыз:

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды

Елбасы: Ең төменгі күнкөріс шегі елдің тұтынушылық шығыстарына сәйкес келуі тиіс

Президент жолдауынан: Қытай Қазақстанда өндіріс орындарын құрады

Талқылау