Қазақстанда бір облыс коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақтан шыға алмады
Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұрғанына бесінші күн болды. Қалған төрт аймақта жағдай жақсарып, "сары" аймаққа кірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
20 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, "қызыл" аймақта тек Атырау облысы қалды. 16 желтоқсаннан бастап облыста вирус жұқтырғандар саны көбейген.
Қазір "сары" аймаққа төрт облыс кірді. Ол Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және басқа қалалар "жасыл" аймақта.
Соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 652 жаңа жағдайы тіркелді. Жаңа аурулардың ең көп саны Павлодар және Атырау облыстарында тіркелді. Алты науқас COVID-19-дан көз жұмды. Қазіргі уақытта 25350 адам коронавирустан емделіп жатыр.
Жалпы, пандемия басталғаннан бері Қазақстанда коронавирустық инфекция жұқтырған 146,5 мыңнан астам адам тіркелді.
Сонымен қатар, өткен тәулікте Қазақстанда тағы 25 коронавирустық пневмония жағдайы тіркелді. Төрт науқас аурудан қайтыс болды. 61 адам емделді. Жалпы, 1 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырудың 44 мыңнан астам жағдайы тіркелді.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
