Қазақстанда биологиялық белсенді қоспалардың сапасын бақылау күшейтіледі
Фото: Ru.freepik.com
Елімізде биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) сату Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкестігін растайтын мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана рұқсат етіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстанда айналымдағы биологиялық белсенді қоспалардың сапасы мен қауіпсіздігіне бақылау күшейтіледі.
“Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қазақстанда биологиялық белсенді қоспаларды өнімнің Кеден одағы техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін растайтын мемлекеттік тіркеуден өтіп, Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай тізіліміне енгізілгеннен кейін ғана сатуға рұқсат етіледі”, – деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігі.
Айта кетейік, тіркеуді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақ тағамтану академиясы мен ЕАЭО елдерінің басқа да ғылыми-зерттеу институттарының сараптамалық қорытындылары негізінде жүргізеді.
Сатылымға жіберілмес бұрын барлық биологиялық белсенді қоспалар міндетті түрде зертханалық тексеруден өтеді. Бұл тексерулер келесі көрсеткіштермен анықталады:
-
Микробиологиялық, токсикологиялық және физика-химиялық көрсеткіштер;
-
Дәрумендер мен биологиялық белсенді заттардың белгіленген нормаларға сәйкестігі;
-
Тыйым салынған құрамдардың болмауы — уытты өсімдіктер, жануар тектес қайта өңделген өнімдер, патогенді микроағзалар мен зеңдер.
2024 жылдан бастап елде биологиялық белсенді қоспалардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы және әлеуметтік желілердегі жарнамаларына мониторинг жүргізіледі. Бұл жарнамалардағы ақпараттың растығы мен мемлекеттік тіркеудің бар-жоғын анықтауға бағытталған. Ал 2025 жылдан бастап биологиялық белсенді қоспаларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау бойынша пилоттық жоба іске асырылып жатыр.
Айта кетейік, дәрілік заттарды таңбалау жүйесі 2024 жылғы 1 шілдеден бастап енгізілген.
Биологиялық белсенді қоспаларды мынандай жағдайда тыйым салынады:
-
Мемлекеттік тіркеуден өтпесе;
-
Жарамдылық мерзімі өтіп кетсе;
-
Сақтау шарттары бұзылса;
-
Қаптамада құрамы, қарсы көрсетілімдері және өндіруші туралы міндетті ақпарат болмаса.
Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға биологиялық белсенді қоспаларды қолданар алдында міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек екенін ескертеді.
Биологиялық белсенді қоспаларды сатып алғанда міндетті түрде тексеріңіз:
-
Қазақстанда тіркеу куәлігінің бар-жоғын;
-
Өнімнің толық құрамын (мысалы, "табиғи компоненттер" деген жалпылама сөздерсіз нақты жазылғанын);
-
Өндіруші мен өндірілген елін;
-
Жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттарын;
-
Дұрыс және толық таңбалауды (қолдану тәсілі, қарсы көрсетілімдер, сақтық шаралары).

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
