Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда биыл коронавирустан 11 бала көз жұмды

Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылдың басынан бері Қазақстанда коронавирустан қанша баланың қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.

бала

"Жедел деректерге сәйкес, 2021 жылдың 10 айында COVID-19 инфекциясынан Алматы мен Павлодар облысында бір айлық екі бала, Маңғыстау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында мектеп жасына дейінгі алты бала, Нұр-Сұлтанда, Қарағанды ​​және Қызылорда облыстарында мектеп жасындағы үш бала көз жұмды”, - деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігінің ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті.

Министрлік балалар арасында COVID-19 ауруын азайту үшін алдын-алу шараларын күшейту қажеттігін айтты.

"Балалардағы COVID-19 клиникалық ағымында жоғары дене қызуы, жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы түріндегі интоксикация синдромының дамуы асқазан-ішек жолдарының зақымдалуы болуы мүмкін”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінің бас балалар инфекционисті, медицина ғылымдарының докторы Динагүл Баешева өткен жылмен салыстырғанда 2021 жылы ауыр түрімен ауыратын балалар саны 20 есеге өскенін айтқан болатын.

Талқылау