Қазақстанда баспана бағасы төмендеуде
Қазақстанда тұрғын үйдің бағасы арзандап жатыр. Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол құрылыс компаниялары жаңа және қолданыстағы тұрғын үйдің бағасын төмендетіп жатқанын жеткізді. Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Атырау қалаларында тұрғын үй бағасының төмендеуі бірден байқалған.
Монополияға қарсылық білдірген агенттік құрылыс компанияларына бағаны төмендету туралы ұсыныс тастаған.
"Ұсынысқа сәйкес Алматыдағы тұрғын үй кешендері баспана бағасын 15%-ға төмендеткен. Сәйкесінше бағалар 90 мың теңгеге дейін түскен. Бүгінде жаңа тұрғын үйдің бағасы қаңтар-шілде айларында 3%-дан 0,4%-ға дейін, сондай-ақ қолданыстағы тұрғын үйге 5%-дан 1,1%-ға дейін төмендегені байқалады", – деді Жұманғарин үкімет отырысында.
Өзге де құрылыс компаниялары да хабарламаны орындап, бағаны орта есеппен 15-20%-ға төмендетті. Бағалардың төмендеу пайызы орта есеппен 9%-ы, жеңілдік диапозоны шаршы метріне 10 мыңнан 125 000 теңгеге дейін құрайды.
“Нұр-Сұлтанда тағы бір компания шаршы метр үшін 20 мың теңгеге дейін, енді бірі 51 тұрғын үйде жаңа баспананың бағасын орта есеппен 8 пайызға, Алматыда 11%-ға, Шымкентте 3%-ға, Атырау қаласында 4%-ға арзандаған”, – дейді агенттік төрағасы.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
