Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда баспана бағасы қымбаттады 

Елімізде пәтер бағасы былтырғы жылмен салыстырғанда 14 пайызға қымбаттаған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

пәтер жалдау

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылдың ақпан айы мен биылғы ақпан айларының аралығында пәтерлерді қайта сату бағасы – 13%-ға, жаңа тұрғын үйлерді сату 14% қымбаттады.

Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алудың бағасы өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 33,8% өскен.

Былтыр Ақтөбе (25,4%), Ақтау қалаларында үйдің бағасы (25,2%) едәуір көтерілген. Сонымен қатар Семейде баспана 41%-ға, Қызылордада 39,9 %, Ақтөбеде 36,9%-ға, Қостанайда 30,9%-ға қымбаттаған.

Тұрғын үйді жалға алу бағасы Көкшетауда 53,7%, Қостанайда 51,9%, Алматыда 49,6%, Петропавлда 49,3%-ға өскен.


2023 жылға Қазақстан қалаларына арналған ораза кестесі жарияланды

Талқылау