Қазақстанда балаларға көрсетілген жыныстық зорлық бойынша адам шошырлық деректер жарияланды
Жыныстық зорлыққа қарсы “Не молчи” қоғамдық ұйымы Қазақстандағы балаларды зорлау дерегі бойынша бірқатар мәліметтердің құпиясын ашты. Баспасөз мәслихатында зорлыққа тап болған балалардың анасы адам шошытарлық жағдаяттарды баяндады.
Фото: Public Domain
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
“Балаларды зорлау әрекетінің 67 пайызы жақын туыстар арасында жүзеге асады”, – деді “Не молчи” жыныстық зорлыққа қарсы қозғалысының жетекшісі Дина Смаилова.
Смаилова айтып отырған статистикалық мәліметтерді Бас прокуратура өзі ұсынған екен. Ерікті ұйымға бес айдың ішінде 120 хат келіп түскен. Әрқайсысы – бір оқиған.
Смаилова мәслихатқа ертіп келген әйел, өзінің балаларының оқиғасын айтып беріп көз жасына ерік берді. Гүлмира Махатованың айтуынша, 29 қараша күні заңды некедегі күйеуі оның 10 жасар қызын зорлаған.
“Сол оқиғадан екі апта өткеніне қарамастан органдап әлі тып-тыныш отыр. Осы күнге дейін ешқандай тергеу, сұрау болмады. Бала болса әлі есеңгіреп жүр, біз оны психотерапевтке қарап жатырмыз. Бізді ешкім қорғамайтын бейшара секілдіміз. Шағым түскен соң күйеуімді ұстады да, бір сағаттан соң босата салды. 14 жастағы үлкен қызымнан да сұрап едім, ол үш жыл бойы осындай зорлық көріп келе жатқанын айтты”, – дейді Махатова.
Тағы бір әйел Жазира Аманбекованың айтуынша, оның төрт жасар қызын тәрбиеші балабақшадан алып кетіп әлдеқандай бір сектаның жиынына алып барып ұрып-соққан.
“2015 жылы 22 мамырда біз баланы балабақшадан алып кетуге бардық. Күйеуім бірінші болып қыздың үстінен түрлі жарақаттарды көріп қалды. Оның беті мен иек тұсы жарақаттаныпты. Ал тәрбиеші болса қызыңыз құлап қалды дей салды”, – дейді әйел.
Тек екі айдан соң ғана бала жағдай туралы айта бастаған. Айтуынша, тәрбиешісі оны балабақшадан алып кетіп, әлдеқандай бір үйге алып барған. Онда адамдар тек қызыл түсті киімдер киіп жүріпті. Содан соң олар қыздың ішкиімін шешіп, өткір таяқтар сұққан. Әйел осыдан соң бірден полицияға шағым түсірген. Аудандық тергеу органы үндемей қойған соң, прокуратураға арызданады. Ақыры істі созбаққа салған қадағалаушы орган осы жылдың тамыз айында істі жауып тастайды.
Алайда әйелдер де, олардың адвокаты Айман Омарова да балаларға көрсетілген зорлық бойынша әділеттілікке жету өте қиын дейді. Бірақ, сонда да олар еңселерін түсірмей, соңына дейін баруға тырысып отыр.
Оқи отырыңыз:
Атыраудағы компания өз еркімен жұмыстан шыққандарға 20 мың доллар төлейді
Қазақстандықтар жәрдемге мұқтаж жандарға үй алып беру үшін 1 теңгеден жинап жатыр
Шымкентте жеңгетайлар саунаға келетін ер адамдарға жезөкшелерді сатып келген