Қазақстанда азық-түлік себетінің құны Еуропамен салыстырғанда арзанырақ, бірақ отбасылық бюджеттен айтарлықтай жоғары
Қазақстанда азық-түлік себетінің құны дамыған Еуропа елдері мен АҚШ-қа қарағанда айтарлықтай төмен. Алайда кейбір ТМД елдерімен салыстырғанда жоғары. Аталған тұжырым Numbeo.com өмір сүру құны бойынша әлемдегі ең үлкен онлайн деректер базасындағы ақпаратты талдау негізінде жасалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ranking сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: 06photo / Shutterstock / Fotodom
Қызметтің 12 қаңтардағы есебіне сәйкес, Қазақстан азық-түлік себетінің құны 39,3 еуро (21,4 мың теңге) болатын 148 ел мен арал аумақтарының арасында 125 орында. Ол сиыр, тауық еті, сүт, жұмыртқа, нан, күріш, ірімшік, картоп, пияз, қызанақ, алма, банан, апельсин, бір бөтелке су және бір бөтелке шараптан тұрады.
Бағасы ең жоғары бес аймаққа Бермуд, Кайман және Виргин аралдары, сондай-ақ Еуропаның екі елі – Швейцария мен Исландия кіреді. Ондағы азық-түлік себеті Қазақстаннан 3-4 есе қымбат: 173,2 еуроға дейін (94 мың теңге). Ал АҚШ, Германия, Франция сияқты елдерде азық-түлік себетінің құны Қазақстанмен салыстырғанда 2–2,4 есе қымбат.
Қазақстандағы азық-түлік құнын көршілес елдермен салыстырғанда да көп айырмашылық байқалмады. Қырғызстан тұрғындары азық-түлік үшін 40 еуро (22 мың теңгеге жуық) төлейді. Бірақ Ресей мен өзбекстандық сатып алушылар мұндай өнімдер жиынтығына Қазақстанға қарағанда әлдеқайда аз төлейді. Сәйкесінше 34,6 және 36,2 еуро (18-20 мың теңге арасында).
Маңызды ескерту: көрсетілген жиынтықты ең төменгі күнкөріс деңгейін және белгілі бір әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін пайдаланылатын тұтыну себетімен салыстыру дұрыс емес. Өйткені ол бір айға қажетті өнімнің есептелген минимумын емес, тауар бірлігіне сай бағаны ескереді. Бұл тәсіл әртүрлі елдердегі бір номенклатурадағы өнімдерді салыстыру үшін ғана қолданылады.
Фото: Ranking.kz
Киім-кешек, сыртта тамақтану, түрлі ақылы қызметтерді ескерсек, Қазақстандағы өмір сүру құны төмен деп бағаланады. Өмір сүрудің ең төменгі деңгейі индексі бойынша Қазақстан толық деректері бар 139 елдің ішінде 114-ші орында тұр.
Рейтинг құрастырушылар елдердің деректерін бір тұрақты көрсеткішпен салыстырды - Нью-Йорктегі өмір сүру құны 100 ұпаймен бағаланған. Мысалы, Қазақстанда 2025 жылдың қаңтарында индекс 26,6 болды. Демек елімізде дәл осындай тауарларды Нью-Йоркпен салыстырғанда 73,4 пайыз арзан бағаға сатып алуға болады.
Өмір сүру минимумының индексі бойынша экономикалық даму деңгейі ұқсас елдерде – Ресейде (22,3), Қырғызстанда (25,4) және Өзбекстанда (24,2) қалыптасып отыр.
Еуропа елдерінде өмір сүру құнының индексі Нью-Йорктің көрсеткішіне жақын. Статистика Еуропа елдерінде өмір сүру әлдеқайда қымбат екенін растайды. Бұл көрсеткіштерді тұрғындардың сатып алу қабілетімен және азаматтардың кіріс деңгейімен салыстыру қажет. Бірақ бұл мәселеде Қазақстанда мақтанатын ештеңе жоқ
Numbeo.com сайтының мәліметінше, 2025 жылдың қаңтарында Қазақстандағы жалақының сатып алу қабілеті 50,8 болды. Бұл елдегі орташа жалақы Нью-Йорк тұрғыны өз жалақысымен сатып ала алатын тауарлар мен қызметтерді 49,2%-ға аз сатып ала алады дегенді білдіреді. Ал Швейцарияда азық-түлік бағасы жоғары болса да, жалақының сатып алу қабілеті Қазақстаннан бірнеше есе, ал Нью-Йорктен 59,7 пайызға жоғары.
Фото: Ranking.kz
Nimbeo.com онлайн қызметі әртүрлі елдердегі жұмысшылар көрсеткен орташа жалақыны салыстырып көрді. Онлайн қызмет мәліметіне сәйкес, 2025 жылдың қаңтарында қызмет көрсету бойынша ең жоғары жалақы алған ел Швейцария. Онда орташа жұмысшы айына 6,5 мың доллар (3,5 миллион теңгеге жуық) алады.
АҚШ-та теңгеге орташа жалақы теңгеге есептегенде - 2,3 миллион теңге, ал Нидерландыда - 1,8 миллион теңге.
Қазақстан бойынша орташа көрсеткіш 531,9 доллар (280,3 мың теңге). Еліміздің ресми статистика агенттігінің мәліметінше, 2024 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанда орташа жалақы көтеріліп, 390,3 мың теңгеге жетті. Ал медианасы – 269,4 мың теңге.
Numbeo онлайн қызметінің мәліметінше, қылмыс деңгейі, білім мен денсаулық сақтау саласы адамдардың өмір сапасына тікелей әсер етеді. Экономикасы дамыған елдерде өмір сапасының индексі жоғарырақ. 2025 жылдың қаңтарында ең жоғары деңгей Люксембургте байқалды: 220,1. Нидерландыда (211,3), Данияда (209,9) және Швейцарияда да (205) жоғары көрсеткіштер тіркелді.
Қазақстанда өмір сапасының индексі айтарлықтай төмен: бар болғаны 106,8. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз, артта қалған елдердің қатарында. Талдау нәтижесі бойынша 139 елдің ішінде 114-орында.
Фото: Ranking.kz
Ал қазақстандықтардың азық-түлік шығындары өсіп жатыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың маусым-қыркүйек айларында қазақстандық отбасының азық-түлік өнімдеріне жұмсайтын орташа шығыны 493,6 мың теңгеге жақындады. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6 пайызға көп.
Тұтыну шығындарының құрылымында азық-түлік себетіне жұмсалған шығыстардың үлесі өте үлкен: 54%-дан астам. Дегенмен, бұл тіпті шегі емес.
Қазақстанның кейбір аймақтарында "тамақ" шығыстарының үлесі 63%-ға жетті. Нақтырақ айтсақ, Алматы (63,1%), Түркістан (62,3%) және Жетісу (61,8%) облыстарында халық азық-түлік үшін жұмыс істеген. Жалақысы жоғары, экономикасы дамыған өңірлер – Атырау (60,5%) және Маңғыстау (57,8%) облыстарында да жағдай ойдағыдай емес.
Ең төменгі көрсеткіштер Астана қаласында (47%), Солтүстік Қазақстан (47,3%) және Қарағанды (48,2%) облыстарында байқалды.
Екі жыл бұрын РИА Новости Еуропа елдеріндегі азық-түлікке жұмсалған қаржының үлесіне зерттеу жүргізгенде, Қазақстан бұл тізімде 53% көрсеткішпен анти-көшбасшы болды. Сол кездегі көшбасшылар Еуропа елдері атанды. Олар Люксембург, Нидерланды және Ұлыбритания. Оларда азық-түлік азаматтардың тұтынушылық шығындарының 8%-10%-ын ғана құрады.
Фото: Ranking.kz