Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зерттеу: Қызылорда облысында басқа жақтардан қарағанда отбасылық жұптар сирек ажырасады

Қазақстанда ажырасу көрсеткіші бір жылда 10,3%-ке қысқарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ranking.kz. порталына сілтеме жасап. 

Сарапшылардың есептеуінше, азаматтық хал актілерін тіркеу органдары биыл бірінші тоқсанда ажырасулар санының 4,1 мың жағдайын тіркеген. Ауылдарда ажырасу саны бірден 27,5%-ке, 721-ге дейін, қалаларда-5,5%-ке, 3,4 мыңға дейін қысқарған. 

Ажырасу саны бойынша антилидер Алматы - биыл қаңтар-наурыз айларында 536 ажырасу тіркелді. Екінші орында Алматы облысы - 466 ажырасу, үшінші орында Қарағанды облысы - 417.

Қызылорда облысының тұрғындары ең сирек ажырасады: барлығы 69, бір жыл бұрын 97.



Айта кетсек 2021 жылы неке бұзудың 48,2 мың жағдайы тіркелген. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 0,5%-ға артық. Қала тұрғындары арасында 34,8 мың жұп, ауыл тұрғындары арасында 13,4 мың жұп ажырасқан.

Ал 2021 жылы некені рәсімдеу үшін шілде айы көп таңдалды. Тамыз және наурызда неке қиғандар да аз емес.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 24 Мамыр, 2022 10:34
Талқылау