Қазақстанда әйелдерді жүктіліктің оныншы аптасында есепке қою міндеттелмек
Елімізде әйелдерді жүктіліктің оныншы аптасында есепке қою міндеттелмекші. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Денсаулық сақтау министрлігі бұл қадам бала денсаулығын ерте қадағалауға мүмкіндік береді деп отыр.
Себебі соңғы 10 жылда дамуында түрлі ауытқушылығы бар балалар дүниеге екі есе көп келген. Тағы бір жаңашылдық, алдағы уақытта "Баланың тууы" атты мобильдік қосымша іске қосылмақшы.
Оған сәйкес әр ана тіркеуге тұрған 10-шы аптадан бастап, босанғанға дейін әр ай сайын өзінің жай-күйін жазып отырады. Осылайша қосымша арқылы учаскелік дәрігер есепте тұрған жүкті әйелдің жағдайын үнемі бақылауда ұстайды. Қажетті ем-домын жасайды дейді жауапты ведомство өкілдері.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады