Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда әскери борышын өтемеген азаматтарға әскери билет цифрлық нұсқада беріледі

Қорғаныс министрлігі әскери борышын өтемеген азаматтар әскери билет алу қажеттілігінен босатылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Мерзімді әскери міндетін өтемеген азаматтар әскери билеттерді комиссариаттарға барып алудан босатылады. Енді олар қағаз күйінде емес, цифрлық нұсқада ұсынылады. Бұл бюджет қаражатын үнемдейді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетеді. Мысалы, қазір әскерге бармағандар комиссариаттарға келіп, әскери билеттерін алып кетеді", - деді Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.

Оның айтуынша, әскери билеттер жоғалған жағдайда айыппұл төлеу де алынып тасталды.

"Сонымен қатар, әскери билеттер жоғалған кезде оларға айыппұл салынады. Сондықтан біз аталған процестердің барлығын алып тастаймыз", - деп түсіндірді ол.

Министрліктің хабарлауынша, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің барлық аймақтарында оқуға қабылдау науқаны проактивті форматта жүргізіледі. Бұл азаматтарды медициналық тексеруден өту үшін әскери комиссариаттарға жеке бару қажеттілігінен босатады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда кімдер әскерге шақырылмайтыны туралы ақпарат жазған едік. 

Талқылау