Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет жүргізуші мас күйінде ЖКО себепкері болғаны үшін 4 жыл түрмеге қамалды

Қазақстанда алғаш рет жүргізуші кезекті мәрте мас күйінде жол-көлік оқиғасының себепкері болғаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ: Алматы облысында түрмедегі зорлық оқиғасына қатысты 7 қызметкер жұмыстан кетті

Polisia.kz ресурсының мәліметінше, бұған дейін ер адамға қатысты мас күйінде болған жол апаты үшін екі рет қылмыстық іс қозғалған.

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының тұрғыны көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылды. 54 жастағы жүргізуші мас күйінде ЖКО орнында ұсталды.

Ол бұрын да осыған ұқсас заң бұзушылығы үшін жауапқа тартылып, сот шешімі бойынша үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Сондай-ақ оған 100 сағат қоғамдық жұмыс түрінде жаза тағайындалып, 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынған. Алайда, жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам рульге мас күйінде қайта отырып, үшінші жол-көлік оқиғасының себепкері болған.

Ақжайық аудандық соты төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Бұл - республикада осы жылы күшіне енген заңнамаға жаңа түзетулерді қолданудың алғашқы ісі.

Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында қылмыстық кодексте мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілік күшейтілді. Мас күйінде көлік құралын қайталап жүргізгені үшін заңға енгізілген түзетулерге сәйкес бас бостандығынан айыру көзделген.

Талқылау