Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ақылы жолға қарызы бар жүргізушілердің көлігін сатуына шектеу қойылмақ

Қазақстанда ақылы жолға төленбеген қарызды өндірудің жаңа тәсілі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Almaty.tv

Яғни, берешегі көп азаматтарға көлігін сатуға және қайта тіркеуге тосқауыл қойылмақ. "Жол жүрісі туралы" заңға мәжіліс депутаттары өзгеріс енгізген. Құжатты қайта қарауға елдегі ақылы жолға қарыз азаматтардың көптігі себеп болған. Қазір жүріп өткен жолы үшін отандастарымыздың берешегі 6 миллиард теңгеден асқан екен.


Алматыда мүгедектігі бар азаматқа тұраққа төлемегені үшін заңсыз айыппұл салынған


Жоба авторлары оны өндіруге осы өзгеріс оң ықпал етеді деп сендіреді. Түскен қаражат тек ақылы жолдардың ғана емес, халықаралық және республикалық маңызы бар тегін жолдарды жөндеу мен күтіміне жұмсалмақ. Ал жүргізушілердің дені бұл бастаманы қолдаған жоқ. 

"Қазір енді заңның әртүрі шығып жатыр. Басқа адам сатып алса да айыппұл төлейді ғой. Керегі жоқ деп ойлаймын”, "Мен оң көзқарастамын. Өйткені ақылы жолментжүрген соң, ақысын төлеу керек. Бірақ ақылы жол да ақысына сай болса жақсы”, "Дұрыс емес, қарызды сот орындаушылары онсыз да төлетеді. Оған бола заңды өзгертудің қажеті жоқ”, – дейді жүргізушілер.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзатындарды жазалауды қайта қарау мәселесі көтерілген еді.

Талқылау