Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ешкім қысым жасай алмайды: Қазақстанда адам құқығы жөніндегі уәкіл туралы заң жобасы мақұлданды

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл куәгер ретінде айғақтар беруден босатылады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында тиісті заң жобасын талқылау кезінде сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің адам мен азаматтың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жөніндегі өкілеттіктері айтарлықтай кеңейтіледі.

Осы орайда тиісті құқықтар белгіленген. Өтініш берушінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін қабылдануға тиісті шараларға қатысты мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға ұсыныстар жолдау, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың шешімдерімен немесе әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) адамдардың шектелмеген тобының бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін талап-арызбен сотқа жүгіне алады.

"Мұндай тетік алғаш рет ұсынылып отыр және адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге бағытталған шараларды айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік береді. Мазмұндық тұрғыдан уәкілге адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы туралы ақпаратты зерделеу және талдау, шағымдарды қарау нәтижелерін жинақтап қорыту функциясы жүктеледі жүктеледі. Бұл оның қызметіне дәйектілік пен алдын алу сипатын береді", - деді Сенаты төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров.

Сенаты төрағасының орынбасары Асқар Шәкіровтің айтуынша, заң жобасын дайындау кезінде халықаралық тәжірибе, ең алдымен, Париж қағидаттары мен Венеция қағидаттары мұқият зерделенді. Сондай-ақ алыс және жақын шетелдердегі адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің заңнамалық негізі мен құқық қолдану тәжірибесі зерттелді.

"Уәкілдің мәртебесіне, қызметінің қағидаттарына, яғни адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мүддесінде заңдылық, ашықтық және тәуелсіздік қағидаттарына ерекше мән беріледі. Адам құқықтары жөніндегі уәкілге оның қылмыстық жауаптылығына немесе әкімшілік жауапкершілігіне қол сұғылмаушылық мәртебесі беріледі. Осыған байланысты оны жауапкершілікке тартудың ерекше тәртібі енгізіледі. Сонымен қатар, уәкіл куә ретінде айғақтар беруден босатылады", - деді Шәкіров мәжілістің жалпы отырысында.

Уәкілдің заңды қызметіне араласқаны немесе кедергі келтіргені үшін жауаптылық енгізіледі.

Заң жобасында уәкілге ешкімнің тиіспеушілігі, оның ішінде сот тәртібімен қолданылатын қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартуға, оның қызметіне араласуға және заңда көзделмеген қандай да бір функцияларды жүктеуге, сондай-ақ оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына кедергі келтіруге жол бермеуге қатысты кепілдіктер жазылған.

Талқылау