Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Абай есімді 10 әйел бар

Абай Құнанбаев

Фото: almaprof.kz

Қазақстанда Абай есімді 10 әйел бар, бұл ресми статистикада тіркелген.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2025 жылы елімізде қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толады. Осыған орай ұлттық статистика бюросы оның есіміне қатысты қызықты деректі жариялады.

Статистика мамандарының мәліметінше, қазір Қазақстанда Абай есімді 18 763 адам бар. Мұндай есімді адамдардың ең көп саны Астанада 2089 адам, Түркістан облысында 2018 және Алматыда 1719 адам тіркелген.

Абай есімді ең үлкен адам 1932 жылы дүниеге келген. Абайлардың көбі 30-34 жас аралығындағы қазақстандықтар екен, яғни бұл жас тобында 3228 адам бар.

Биылдың бірінші жартыжылдығында жаңа туған 157 сәбиге Абай есімі берілді. Бір қызығы, елімізде Абай есімді 10 әйел тіркелген.

Сондай-ақ Қазақстандағы географиялық нысандар да Абай есіміне байланысты қойылған. Оның есімімен бір облыс, бір қала, үш аудан және 26 ауыл бар.

Сонымен қатар елде Ибраһим есімді 35 404 адам тұрады, оның ішінде Ибрагим және Ибрахим деген де бар.

Айта кетейік, 10 тамызда қазақстандықтар дәстүрлі түрде Абай күнін тойлайды. Биыл ұлы ақын, ойшыл, философ Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толып отыр.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 07 Тамыз, 2025 16:25
Талқылау
`