Қазақстанда 6 әуежай жекешелендіруге берілмек
Фото: depositphotos.com
Ұлттық жекешелендіру кеңсесі Қазақстандағы алты әуежайды жекешелендіруге арналған нысандар тізіміне қосты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Билік Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Түркістан және Қызылорда әуежайларын жекешелендіруге арналған нысандар тізіміне енгізіп, оларды стратегиялық инвесторларға беруге дайындап жатыр.
Сенімгерлік басқаруға беріледі деп жоспарланған әуежайлар:
- 2026 жылы – Қызылордадағы “Қорқыт Ата әуежайы” АҚ;
- 2027 жылы – “Хиуаз Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайы” АҚ және “Түркістан халықаралық әуежайы” АҚ.
Қазақстанда 500 компания жекешелендіруге берілмек: Олардың құны 2 триллион теңгеге жуық
Сонымен қатар, 2027 жылы “Павлодар әуежайы” АҚ жеке меншікке берілмек. Ал Ақтөбедегі “Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы” АҚ және “Шымкент әуежайы” АҚ бойынша жекешелендіру мерзімі көрсетілмеген. Осы екі әуежай үшін жекешелендірудің нақты түрлері де белгіленбеген.
Еске салсақ, 2025 жылдың мамыр айында сыртқы істер министрінің орынбасары вьетнамдық Sovico Group компаниясы Қызылорда әуежайын сатып алуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.
Қазақстанда қант диабетінің әлеуметтік маңызы бар аурулар қатарынан алынуы дау туғызды: Енді мемлекеттік көмекті кімдер алады