Қазақстанда 440 миллиард теңгені шетелге заңсыз шығару ісі тергелуде
Қазақстанда 440 миллиард теңгені шетелге заңсыз шығару ісі тергелуде. Тергеуге 56 адам алынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Қаражат 2019 жылдан 2021 жылға дейін елден шығарылған. Бұл ақпаратты Үкімет басшысының баспасөз қызметі растады. Салық органдары іс материалдарын қаржы мониторингі агенттігіне тапсырды. Салық қызметкерлері 271 миллиард теңгеге қаржы операцияларын әлі зерделеуі тиіс. Барлығы 29 қосымша салықтық тексеру басталды.
Ақпан айында Үкімет Президенттің тапсырмасы бойынша шетелден капиталды қайтару жөніндегі комиссияны құрған болатын. Мемлекеттік кіріс органдары валюталық бақылау функцияларын беруді жоспарлап отыр. Бұл мәселені қазір жұмыс топтары пысықтауда. Сондай-ақ дивидендтерді төлеу кезінде салықтық жеңілдіктерге қатысты заңдарға түзетулер қарастырылуда. Үкімет бұл шаралардың елге капиталдың қайтарылуын ынталандыруға көмектесетініне сенімді.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ