Қазақстанда 26 сәуірден 10 мамырға дейін интернет өшірілетіні туралы ақпарат тарады
WhatsApp мессенджерінде 26 сәуір мен 10 мамыр аралығында Қазақстан бойынша интернет өшірілетіні туралы хабарлама тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Интернеттің өшірілетіні туралы хабарлама Павлодар облысында пайда болып, ақпарат әлеуметтік желілерде кең тараған. Ақпаратты облыстық цифрландыру басқармасы жоққа шығарды.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. 2023 жылғы 24 сәуірдегі жағдай бойынша барлық байланыс операторларының ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымы қалыпты жұмыс істеуде. Тек сенімді дереккөздерден алынған ақпаратқа сеніп, фейк ақпараттарды таратпауыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Талқылау